«Қоштасқым келмейді, амал қанша...»: Мақпал Жүнісова жантебірентер жазба жариялады (видео)

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты қайғыра көңіл айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Ағамыздан айырылып қалдық… Нар тұлғасымен, адамдығымен, адалдығымен мәңгі есте қалары анық. Аңыз ағамен қоштасқым келмейді, амал қанша… Иманыңыз саламат болсын, асыл аға. Өзіңізге тамсана қарайтын халқыңызға қайғыра көңіл айтамын. Отбасыңызға Алла сабыр берсін», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова Асанәлі Әшімовтің батасын алғанын айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.