Әлеуметті қолдауға басымдық беріледі

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылауда.

Таяуда отбасы және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде Жол картасының тармақтарының орындалуы, мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемалары мен оны шешу жолдары қаралды.

Қоғамдық кеңестің отырысында сөз алған Отбасы және ха­лық­­ты әлеуметтік қорғау мәселелері жө­нін­дегі кеңестің төрайымы Зара Ша­ла­бае­ва саланың өте өзекті екенін алға тартты.

– Бүгінгі талқылаулар – аймақтағы өзек­ті әлеуметтік мәселелерді кешенді түр­де шешудің маңызды қадамы. Әсіресе, ерек­­ше қажеттіліктері бар балалардың құ­­қықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Жол картасының әрбір тармағы нақты нә­ти­жеге бағытталуға тиіс, ал біз соны қам­та­ма­сыз ету үшін бірлесіп жұмыс істейміз, – деп атап өтті.

Отырыста ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, инклюзивті ортаны да­мыту, арнайы білім беру мен меди­ци­на­лық қызметтердің қолжетімділігін арт­ты­ру, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отба­сы­ларға әлеуметтік қолдауды күшейту қа­жет екені айтылды.

«Кедергісіз келешек» партиялық жо­ба­сының амбассадоры, Ten Qogam орта­лы­ғының жетекшісі, республикалық ин­клю­зия кеңесінің мүшесі Нияз Аман­гел­ді­ұлы өңірде нақты өзгеріске жол ашатын жұ­мыстар атқарылып жатқанын баян­да­ды. 

– Инклюзия – тек инфрақұрылым не­ме­се қызмет көрсету емес, бұл – қоғам­ның көзқарасы. Мүмкіндігі шектеулі ба­ла­ларға жағдай жасау үшін ең әуелі түсі­ніс­тік пен қолдау мәдениетін қалып­тас­тыруы­мыз қажет. Партияның бастамалары осы бағыттағы практикалық қадамдарды күшейтуге мүмкіндік береді. Біз ұсынған ұсы­ныстар өңірдегі нақты өзгерістерге жол ашады деп сенеміз, – деді.

Жиын қорытындысы бойынша, Жол картасын одан әрі іске асыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау шараларын күшейту және өңірдегі әлеуметтік, білім беру және медициналық қызметтердің са­пасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс әзір­ленді. Бұл ұсыныстар тиісті мем­ле­кет­тік органдарға жолданып, партия құ­ры­лымдарының алдағы жұмыс жоспар­ла­рын­да ескерілетін болады.

«AMANAT» партиясы өңірде кедер­гісіз орта қалыптастыру және балалар мен отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауға бағытталған бастамаларды жүйе­лі түрде ілгерілете бермек. 

Сонымен қатар Экологиялық кеңестің оты­рысы да өткенін айта кеткен жөн. Оты­рыста өңірде партияның 2023-2027 жыл­дарға арналған сайлауалды бағдарла­ма­сын іске асыру жөніндегі Жол карта­сы­ның орындалу мәселелері қаралды.

Жиынға облыстық Экология де­пар­та­ментінің, Энергетика, тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық, табиғи ре­сурстар жә­не табиғат пайдалануды реттеу бас­қар­масы және «ҚазТрансГаз» өкілдері қа­тыс­ты. Мәслихат депутаттары, қала мен аудан әкім­дерінің орынбасарлары, құры­лыс және ТКШ бөлімдерінің басшылары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының бел­сен­ділері де басқосудан тыс қалмады.

Отырыста өңірде экологиялық бағдар­ла­маны тиімді іске асыру және партия бас­тамаларын орындау үшін мемлекеттік ор­гандардың, салалық қызметтердің және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Ал өткен аптада облыстық мәслихат де­пу­таты Андрей Ляпуновтың төрағалы­ғы­мен Өңірлік даму мәселелері жөніндегі Кеңес­тің отырысы өтті. Қарағанды облы­сының моноқалаларын дамыту, олардың эко­номикалық әлеуеті, коммуналдық инф­­­рақұрылым жағдайы, кешенді даму жос­парларын іске асыру, инвестиция тарту және жас мамандарды бекіту мәсе­лелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша, ал­дыңғы қатарлы даму аймақтарын құру, индустриялық аймақтарды қалыптастыру, моноқалалардағы тұрғын үй механизм­де­рін жетілдіру, бюджет өтінімдерін уа­қы­тында беру және ТКШ нысандарына ба­қы­лауды күшейту бойынша ұсынымдар бе­кітілді.

Қабылданған шаралар моноқа­лалар­дың әлеуметтік-экономикалық дамуын арт­тыруға және тұрғындардың өмір сүру са­пасын жақсартуға бағытталған.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы