Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл бастама өзара қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталған, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Мәдениет және Ақпарат министрлігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.
Бастама Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығының алаңында басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.