Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов 2025 жылдың 16 желтоқсанында президент Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 2025 жылдың 23 желтоқсанында таратқан ақпаратына сүйенсек, рәсімнен кейін тараптар қысқаша әңгімелескен. Дональд Трамп Мемлекет басшысына жылы лебізін білдіріп, оны "халықаралық үдерістерді терең білетін, жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, тамаша тұлға" деп сипаттады. Сондай-ақ АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сияпат жолдады. Олардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен Дональд Трамптың жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.