Алтын бағасы алғаш рет бір унция үшін 4,4 мың АҚШ долларынан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Сарапшылар бұл өсуін АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің жақын арада төмендетілуі күтіліп отырғаны және инвесторлар арасында қорғаныс активтеріне қызығушылықтың артуымен байланыстыруда.
Алтынмен қатар күміс нарығында да айтарлықтай қымбаттау байқалды. Оның бағасы бір күнде 3,3 пайызға өсіп, тарихи максимум – 69,44 АҚШ долларына жетті. Reuters есептеуінше, жыл басынан бері алтын құны 67 пайызға өсіп, алдымен 3 мың, кейін 4 мың долларлық психологиялық шектерден асып түсті.
Мұндай динамика соңғы рет 1979 жылы байқалған, ал қазіргі өсім соңғы онжылдықтардағы ең ірі жылдық көрсеткіштердің бірі болуы мүмкін. Күміс тіпті әсерлі нәтиже көрсетті, оның бағасы 138 пайызға қымбаттап, алтынның өсу қарқынынан да асып түсті.