Қанат Исламның Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Кәсіпқой боксшы 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс еді.

41 жастағы танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оның айтуынша, жекпе-жек кейінге шегерілген. Боксшы бұл туралы жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі аккаунтында хабарлады.

"Құрметті жанкүйерлерім, 27 желтоқсанда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейтін болдым. Қарсыластарымызға және басқа да себептерге байланысты жекпе-жек 1,5 айға кейінге шегерілді. Кездесудің нақты уақытын хабарлаймыз. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет", – деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қанат Исламның араға бірнеше жыл салып, рингке қайта оралатыны хабарланған болатын.