Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

Ерлерден Нұрқанат Әжіқанов -75 келіде үздік үштікті түйіндеп тұр.

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) әр салмақта рейтингтің жаңартылған тізімін жариялады, – деп Aikyn.kz хабарлайды. 

Аталмыш рейтингте -50 келі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай үздіктер көшін бастауда. Ал -61 келіде Әсел Қанай екінші орынға жайғасқан. Ол осы жылы Каирде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл – оның әлем чемпонатындағы алғашқы жүлдесі. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта рейтингтің екінші орнына тұрақтады. Ол осы жылы әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі.