ШҚО-да полиция ірі көлемдегі алаяқтық дерегін тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Өскемен қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, танысы сеніміне кіріп, тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен 9 млн теңгесін қалтаға басқан.
Жедел-тергеу шаралары барысында осыған ұқсас бірқатар алаяқтыққа қатысы бар 40 жастағы күдікті анықталды. Тергеу мәліметті бойынша, ол ипотекалық несие рәсімдеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе қаражат салуға көмектесемін деп азаматтардың ақшасын жымқырып отырған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.