Ерболат Досаев тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Қазіргі таңда «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі тәуелсіз директор екені айтылады.

Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Асқарбекұлы Досаев «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дереккөзге сүйенсек, ол бұл қызметке 20 желтоқсанда тағайындалған.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарбекұлы «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды»,  делінген хабарламада.

 

Қазіргі таңда «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінде 8 мүшесі бар, оның  4-уі тәуелсіз директор екені айтылады.