Боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді

Жас жұбайлар әлеуметтік желілерде үйлену тойларынан фото және видеолар жариялап, қуаныштарын бөлісті.

Қазақстандық танымал боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Боксшы өзінің өмірлік серігі ретінде блогер Аяжан Аяшева есімді аруды таңдаған.

Жас жұбайлар әлеуметтік желілерде үйлену тойларынан фото және видеолар жариялап, қуаныштарын бөлісті.

Желі қолданушылары қос ғашықты құттықтап, жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр.

 «Бақытты болыңдар!», «Екі жасқа тек бақыт тілейміз!», «Дулат әлемдік ареналарда жеңіске жеткенде дәл мұндай бақытты болмаған шығар. Екі езуі екі құлағында» деген пікірлер көптеп жазылып жатыр.

 

Айта кеткен жөн, Дулат Бекбауов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген. Сонымен қатар Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі болғанымен, ел ішіндегі іріктеу кезеңінде Мұхамедсабыр Базарбайұлына жол беріп, Таиландтағы олимпиадалық іріктеуге қатыса алмады.