Танымал әртіс Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Театрға келгенде мені өз баласындай бауырына басты. Алғашқылардың бірі болып мен келдім. Қонаққа баруымыз керек болған. Жеңгемнен қаралы хабар келді. Алып бәйтерек құлағандай болды. Мені әрқашан жанына бірге алып жүретін. Тауым шағылып, өте жаман күй кешіп тұрмын. Ішім алай-дүлей. Өнердегі әкемнен айырылдым. Біз бала болыппыз. Енді қазақ өнері не болмақ? Қайда барамыз, кімге қарап бой түзейміз? Өте ауыр", – дейді ол.