«Жақында бәрі белгілі болады...»: допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы әзірге чемпион атағын сақтап тұр

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қарамастан, оның чемпиондық атағын әзірге сақтап отыр.

Жәнібек Әлімханұлы әзірге WBO чемпионы мәртебесін сақтап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қарамастан, оның чемпиондық атағын әзірге сақтап отыр.

Ұйым жаңартқан рейтингте Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде көрсетілген. Ал осы салмақтағы басты үміткерлер үштігіне британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес енген.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанға жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы біріктіруші жекпе-жек алдында қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Осыған байланысты жекпе-жек кейінге шегеріліп, WBO ішкі тергеу бастаған.

Допинг сынамасының “B” үлгісі 2025 жылғы 8 қаңтарда ашылмақ. Егер бұл сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылып, дисквалификацияға ұшырауы мүмкін.