Алматыдағы коронавирус ошақтарының мекенжайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әкімдіктің мәліметі бойынша, қалада барлығы 10 ошақ анықталды. Олардың аумағында екі жеке және сегіз көппәтерлі үй бар:
- Алтай шағынауданы - 1, 8; - Жасқанат шағынауданы, 86; - Еңлікгүл, 34А; - Зенков, 59; - Достық, 162; - Гоголь, 75; - Сары-ой, 234; - Жароков, 16; - Желтоқсан, 125; - Байтұрсынов, 78/1. Еске салайық, бұған дейін эпидемиологиялық тексеріс нәтижесі бойынша, Алматы аумағында COVID-2019 вирусының 10 ошағы анықталған болатын. Үшеуі Алмалы ауданында, үшеуі Медеу, екеуі Түріксіб ауданында орналасқан. Жетісу мен Алатау аудандарында бір-бірден бар екені айтылған.