Алматы-Өскемен жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті хабарлады, -деп жазады Аikyn.kz сайты.
Олардың мәліметінше, оқиға кеше таңғы сағат 08:20-да Алматы-Өскемен автожолының 681-шақырымында болған. Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші қаза тапқан.
– Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 3 адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді, – делінген хабарламада.