Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкенова жайлы кітап жазып шығарды, - деп хабарлайды Аikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Бұл – менің кішкентай қарындасым туралы кітап. Оның аты – Салтанат. Кітап қазір Қазақстанда қолжетімді, оны сауда желілері арқылы сатып алуға болады”, – деп жазды ол.
Өзін жазушы ретінде таныстырған қолданушылардың бірі кітапты шығаруға біраз қаражат жұмсалатынын жазды.
“Өзім жазушымын, айтарым, соңғы кітапқа біз 1,5 жыл уақыт жұмсадық және 8 миллион теңгеден астам қаражат кетті. Бір биографиялық кітаптың өзіндік құны 255 мың теңгеден асты. Кітап ешқашан өзін ақтамайды, себебі оған кеткен шығын болжамды кірістен жоғары. Сондықтан бұл жерде ешқандай кәсіп жоқ. Ол кітапты тек қарындасының естелігі үшін жасап отыр”, – деп жазған ол.
Кітап желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Қазір басылым Қазақстан бойынша ғана емес, Америка Құрама Штаты бойынша да сатылымға шықты.