Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты 2 ауданда оқушылар қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі жариялады.
Олардың мәліметі бойынша, Күршім ауданында ауа температурасының -23-тен -30 градусқа дейін төмендеуі себепті 1 және 2 ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа көшірілді.
— Ал Алтай ауданында ауа температурасы -28 -32 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан Путинцево орта мектебінде, Михаил Бикетов атындағы орта мектепте, Тұрғысын орта мектебінде, Новокрестьянка бастауыш мектебінде, Леснопристань орта мектебінде, Соловьев орта мектебінде және Маяк орта мектебінде 1 және 2 ауысымдағы сабақтар 0-4-сыныптар қашықтан оқиды. Ал Чапаев орта мектебінде және Михаил Харин атындағы мектепте 0-9-сыныптар мектепке бармайды, — делінген ақпаратта.