Сәкен Бибосыновке шымкенттіктер ат мінгізіп, 2 миллион теңге ұстатты

Сәкен Бибосынов - Орталық Азия Инновациялық университетінің түлегі.

Шымкентте Орталық Азия Инновациялық университетінде университет түлегі Сәкен Бибосыновпен кездесу өтіп, бокстан екі дүркін әлем чемпионына құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Кездесуде танымал боксшы өзінің спорттағы жолы туралы айтып, табандылық пен тәртіптің маңызы, жеңіске жетудегі еңбек пен сенім туралы ой бөліскен. Іс-шара барысында университет басшылығы Сәкен Бибосыновқа 2миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстап, сәйгүлік мінгізіп, шапан жапқан.

"Бұл – ел мерейін асырған спортшыға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Бұл кездесу студенттер үшін үлкен мотивация болып, жастарды спортқа, табандылыққа және елге қызмет етуге шабыттандырды", - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от OAIU (@oaiu.kz)