Футболшы Нұрәлі Әліпке түркиялық клубтар қызығып отыр

Кейін Иркутск "Зенитінің" ресми электронды поштасына шетел тілінде жазылған хат келгені белгілі болды. Хаттың мазмұнын аудармашы "Сіздерде Нұрәлі Әліп ойнай ма? Бұл хат соған қатысты. Түркиядан келген..." деп аударып берген.

Оған Түркия чемпионатынан қызығушылық болғанын журналист Дмитрий Зимин айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист бұл туралы қызықты оқиғаны еске түсірген. Оның сөзінше, біраз уақыт бұрын түнгі сағат 5-те "Зенитке" қоңыраулар мен хабарламалар келген. Ол Санкт-Петербургке емес, Иркутскідегі "Зенит" клубына болған. Әуелгіде хат екі клубтың ортақ шаруасы болып көрінген. 

Кейін Иркутск "Зенитінің" ресми электронды поштасына шетел тілінде жазылған хат келгені белгілі болды. Хаттың мазмұнын аудармашы "Сіздерде Нұрәлі Әліп ойнай ма? Бұл хат соған қатысты. Түркиядан келген..." деп аударып берген. 

Дмитрий Зиминнің айтуынша, Иркутск клубы жағдайды тез түсініп, хатты әріптестеріне, яғни Санкт-Петербургтегі "Зенитке" жолдаған. Себебі, түрік тарапы Иркутск пен Санкт-Петербургті шатастырып алған. 

Десе де, Нұрәлі Әліп "Зениттен" кетпеді. Журналист бұл жайтты электронды мекенжайларды шатастырудың салдары деп түйіндейді. 

Еске салайық, Нұрәлі Әліп "Зенит" сапына 2023 жылдың қаңтарында қосылды Өткен маусымда Қазақстан құрамасының капитаны санктпетерборлық клуб құрамында 19 матч өткізіп, 1 гол соқты.