ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Астана – Көкшетау - Петропавл» автомобиль жолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.