Азаматтардың мәселелері партия назарында

Елордада «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің 2025 жылғы қорытынды отырысы өтті.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында мүгедектікті проактивті сырттай орнату тетігін енгізу, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асырылу барысы қаралды.

Жиынға кеңес мүшелері, орталық мем­лекеттік орган­дардың өкілдері және Ха­­лыққа қызмет көрсету орталық­тары­ның қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бей­не­конференцбайланыс режимі ар­қы­лы партияның өңірлік филиал­дары­ның өкілдері қосылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүге­дек­тігі бар адамдарды қолдау мә­селесіне жіті назар аударып келеді. Пре­зидент өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күту­ші­ле­рін қолдау шараларын күшейту қажет екенін атап өткен еді. Бұл ретте «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Мүге­дектігі бар адам­дардың инклюзия­сы жө­ніндегі республи­калық кеңес кедергісіз орта құру, инк­лю­з­ивті қоғам қалыптас­тыру, мүгедектігі бар отандастарымыздың тұрмысын жақ­­сарту бағытында жүйелі жұмыс жүр­гізіп келеді.

Мәжіліс депутаты, кеңес төрағасы­ның орынбасары Ерлан Әбдиев биыл пар­тия жанындағы кеңестің 5 отырысы өт­кенін мәлімдеді. Осы кезеңде инклю­зив­ті білім беру, медициналық және әлеу­­меттік қол­дау көр­сету, инфра­құры­лым­­дардың қол­жетімділігін арттыру, ер­те араласу және оңалту орталық­та­ры­ның жұмысын жетіл­діру, «Қамқорлық» бастамасы мен мүге­дек­тікті проактивті анық­тау мәселе­лері жүйелі түрде талқы­лан­­ды. Нәтижесінде, мемлекеттік ор­ган­­дарға 22-ден астам ұсыныс жол­данды. 

«Мүгедектігі бар азаматтардың тұр­мы­сын жақсарту мәселесі партия мү­ше­лері­нің, ең алдымен, Мүгедектігі бар адам­дар­дың инклюзиясы жөніндегі рес­­­­публика­лық кеңестің тұрақты на­зарында. Басты мақсат – партияның сай­лауалды бағдар­ламасын жүзеге асыру, сондай-ақ қолдан­ыстағы заңна­ма­ны кешенді түрде жетіл­діру. Биыл «Кедергісіз келешек» партия­лық жобасы ая­сында 4,1 мыңнан астам іс-шара өт­кі­зіліп, онда 62,2 мыңға жуық адам қам­тыл­ды», – деді ол.

Партияның сайлауалды бағ­дар­ла­масы аясында мүгедектікті проак­тивті сырт­тай орнату тетігін енгізу мәселесі тура­лы Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау ко­ми­те­тінің төрағасы Илья Скуб баян­да­ды. Ол медициналық-әлеуметтік сарап­таманың проактивті сырттай фор­маты мүгедектікті белгілеу рәсімін жеңіл­детіп, азаматтардың жол жүру уа­қы­тын қысқартуға және меди­цина­лық-әлеуметтік сараптама бөлім­ше­леріне жеке келу қажеттілігін жоюға ба­ғыт­талғанын атап өтті.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова профилакти­калық медицина мен оңалту шаралары туралы айтты. 

«Елімізде профилактикалық меди­цина, ерте диаг­ностика және медицина­лық оңалту бағыттары жүйелі түрде жетіл­­дірілуде. Бүгінде балалар арасын­дағы мүге­дектікті ерте жастан анықтау үшін неонаталдық, аудио­логиялық, офтальмо­логиялық және психофизика­лық скрин­ингтер жүргізіліп, жыл сайын 4,5 миллион­ға жуық бала профилакти­калық тексеруден өтуде. 2020 жыл­дан бас­тап іске қосылған ерте араласу орта­лық­тары 0-3 жас аралы­ғындағы балалар­дың көмекті уақытылы алуына мүмкін­дік беріп отыр. Соңғы жылдары меди­ци­­­налық оңалтуға бөлінетін қаржы бір­­­неше есе артып, оңалту орта­лықтары же­лісі кең­ейтілді. Сонымен қатар Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­л­ігімен бірлесіп, 70-тен астам ауру бой­ынша мүгедектікті проак­тивті фор­матта белгілеу тәртібі оңтайландырыл­ды», – деді ол.

Айта кетейік, партия ерекше қажет­ті­­лігі бар азамат­тарды қолдау, олардың қо­ғам өміріне толыққанды ара­ласуына жағ­дай жасау және әлеуметтік құқық­тарын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұ­мыс жүргізіп келеді. Осы бағытта пар­тияның сайлауалды бағдарламасы ая­сында аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға арналған 13 ерте араласу ор­талығы және «Қамқорлық» бастама­сымен аудандық деңгейде 6 оңалту орта­лығы ашылды. Партияның Әйелдер қа­на­ты инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Тең мүмкін­дік­тер» республикалық спорт фестивалін өт­кізіп келеді. Сонымен қатар «Ке­дер­гі­сіз келе­шек» жобасы аясында жыл сайын ерекше қажеттілігі бар жандарға «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сый­лығы табыс­та­лады. 2025 жылы пар­тия филиалдары жергілікті атқарушы ор­­ган­дармен бірле­сіп, мүгедектігі бар адам­дарды жұмыс­пен қамтуға бағыт­тал­ған 510 бос жұмыс орын­дары жәр­мең­ке­сін өткізіп, нәтиже­сінде 1,4 мыңнан ас­там адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Ә.САМАТҰЛЫ