Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мем­лекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды. 

Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қар­қынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-эко­но­ми­калық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақ­тас­тық­ты күшейту перспективасын талқылады. 

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиев­тің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемле­кет­т­ік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды са­па­лы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. 

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәр­тібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.