Риддерден Өскеменге: ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

Ауруханада оған барлық қажетті және әрі қарайғы медициналық көмек көрсетіледі.

Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Риддер қаласынан Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтетенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ми-8 тікұшағының ұшуы таулы аймақ жағдайында ұшырылған.

Ұшқыштар Сергей Пинигин мен Леонид Калеканов шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскемен қаласына жеткізді. Ұшу барысында сәбиді санитарлық авиацияның тәжірибелі дәрігерлері Татьяна Сергеева мен Ботагөз Акашева алып жүрді, делінген хабарламада.

Ұшқыштар мен дәрігерлер тобы үйлесімді әрекетінің арқасында сәби ауруханаға аман-есен жеткізілді.