Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Швейцария коронавирустың таралуына қарсы күресте Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетеді.
"СІМ өзінің шетелдік мекемелері арқылы Қазақстанға гуманитарлық көмек тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Швейцариядан тиісті көмек алу туралы келісімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, бұл медициналық маскалар, вирустық тестерлер, қорғаныс киімі, арнайы жабдықтар, сондай-ақ қазақстандық медиктерге консультациялық қолдау көрсету болады. Мысалы, Корея мен Жапониядан келген эпидемиологтар 23-24 наурыз күндері біздің денсаулық сақтау министрлігі үшін арнайы бейнеконсультация өткізуді жоспарлап отыр. Бірқатар елдермен эпидемиологиялық кеңес беру бойынша алдын ала келісім бар, мысалы Израиль", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан үшін гуманитарлық көмек туралы сұраққа жауап бере отырып.