«300 балаға қуаныш сыйлады»: Алматыда Президенттің жаңажылдық шырша мерекесі жоғары деңгейде өтті

Оларға әртістер мен аниматорлар ертегідей әсерлі қойылым ұсынылып, әр балаға жаңажылдық сый-сияпат табысталды.

Бүгін Алматыда ел Президентінің атынан өткен жаңажылдық шырша мерекесі 300 балаға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Бүгін Алматыда Президенттің жаңажылдық шыршасы өтті. Бұл – бала жүрегіне жылу ұялататын, шаттық пен мейірімге толы ізгі мереке.

Жыл сайын жалғасып келе жатқан игі дәстүр қамқорлық пен жанашырлықтың шын мәнінде ғажайып жасай алатынын айқын аңғартады. Биыл біз 300 балаға жаңажылдық көңіл күй сыйладық. Оларға әртістер мен аниматорлар ертегідей әсерлі қойылым ұсынылып, әр балаға жаңажылдық сый-сияпат табысталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледім", – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.