Жамбыл облысында 63 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесіп, биыл өңірге 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Мен жаңа ғана бірнеше нысанды аралап көрдім. Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Бірақ жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек.

Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. 

Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылды. 50-ден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді. Басқа да көптеген игі істер жасалып жатыр. 

Еліміз қуатты болуы үшін ең алдымен, аймақтар қуатты болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.