Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев допинг-бақылаудан өтті

Бұл туралы UFC спортшыларын допингке тексерумен айналысатын UFC Drug Testing Watch парақшасы хабарлады.

UFC ұйымындағы қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев 2025 жылғы кезекті допинг-бақылаудан өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы UFC спортшыларын допингке тексерумен айналысатын UFC Drug Testing Watch парақшасы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, бұл Рахмонов үшін биылғы төртінші, ал Алмабаев үшін алтыншы тексеру болып отыр.

 

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэриді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді. Ал Асу Алмабаев 22 қарашада америкалық Алекс Пересті қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан еді.