Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.

Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды. 

Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.  Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңге болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.