Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденімен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, видео жариялады.
«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденін алу бақыты бұйырды. Құрметті көрермен, алдымен Алланың, одан кейін сіздердің ақ ниет пен дұғаларыңыздың арқасы деп білемін. Қазақ елі, баршаңызға Алла разы болсын», — деп жазды Қыдырәлі Болманов.
Әнші продюсерлік еткен «Ұлытау» тобы да төсбелгімен марапатталды. Желі қолданушылары әншіні құттықтап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.