Әнші Жазира Байырбекова Халық әртісі Роза Рымбаеваға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әншімен бірге түскен суретін жариялады.
«Жақсымен өткен жарты сағат-жарты ғасырға татиды» деген осы болар. Бүгін концертте Роза Қуанышқызымен болған әңгіме-жүрекке жеткен, ойға тоқылған ерекше сәт болды. Үлкен кісілердің әр сөзі – тарих, әр әңгімесі – өмірлік сабақ екеніне тағы бір көз жетті. Сабыр, парасат, өмірге деген көзқарас… Осындай кездесулер адамды іштен байытады. Ертең сол әсерден туған, өте салмақты әрі салиқалы бейнежазбамен бөлісемін. Рақмет сізге, Роза Қуанышқызы, өмірлік сабақ, жүрекке жеткен әңгіме үшін», - деп жазды Жазира Байырбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.