Ұлытауда көктайғаққа байланысты полиция патрульдік режимді күшейтті

Полиция шамамен 300 көлікті алып жүрді.

Ұлытау аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция шамамен 300 көлікті алып жүрді, – деп хабарлайды Aykin.kz

Анығын айтсақ, Жезқазған-Сәтпаев тасжолында ауа райының күрт нашарлап, жолды көк мұз басқандықтан, полиция қызметкерлері патрульдік режимді күшейтті. Апаттың алдын алу үшін қызметкерлер екі бағытта да колонналарды алып жүруді ұйымдастырды. Барлығы шамамен 300 көлік полицияның бақылауынан өтті.

Сондықтан патрульдік полиция жүргізушілерден сақ болуды, ауа райының болжамын назарға алуды, жылдамдықты азайтуды және жол жағдайын мұқият бақылауды ескертеді.