"Энергетик ішемін деп денсаулығымды құрттым": Алматыда науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Ер адамға инсульт алған артериялық гипертензияның ауыр ағымы бар 50 жастағы әйел донор болды.

Алматының қалалық кардиологиялық орталығында науқасқа алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас дәрігерлерге және қалалық жүрек орталығының барлық медициналық қызметкерлеріне құтқарылған өмірі үшін шын жүректен алғысын білдірді. 

"Адамдарға ескерткім келеді: энергетикалық сусындарды ішпеңіздер. Мен үшін бәрі осыдан басталды. Алдымен күніне бір бөтелке, содан кейін күніне 8-10 энергетик тұтынатын болдым. Ауыр диагнозға тап болғанға дейін оған мән берген жоқпын. Бүгін қолымнан келгеннің бәрін жасаған дәрігерлердің арқасында тірімін. Енді өз денсаулығыма ұқыпты қараудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім", – дейді ол. 

Ауруханадан шыққан науқас емханада тіркелген жері бойынша динамикалық бақылауда тұрды. Айта кетейік, жүректі трансплантациялауды, стационарда емдеуді, шығарылғаннан кейін қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ одан әрі оңалту мен бақылауды қоса алғанда, барлық медициналық көмек ТМККК шеңберінде мемлекет есебінен тегін ұсынылады.

"Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл госпитализациядан кейін дәрігерлер консилиумы мидың өлімін анықтап, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық мүмкіндігін растады. Туыстары келісім берді, содан кейін донорлық процесс ұйымдастырылды", – делінген ДСМ хабарламасында.