Қазақстандық спортшы бадминтоннан Бангладештегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

Жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Қазақстандық Дмитрий Панарин бадминтоннан Даккада (Бангладеш) өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз жекелей сында үздік нәтиже көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды 2:1 есебімен жеңді (21:17, 14:21, 21:10).

Айта кетейік, жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.