21-25 наурыз аралығында айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен, 2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00 бастап 16:00 дейін шектеледі.