Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды

Үздік жекпе-жек Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың арасындағы кездесу болды.

World boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшылары (ерлер,әйелдер) және үздік жекпе-жегін дауыс беру арқылы анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Нәтижесінде ерлер арасындағы үздік боксшы Махмұд Сабырхан, әйелдер арасынан Наталья Богданова және үздік жекпе-жек Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джудтың арасындағы кездесу болды.

Қазақстаннан екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» номинациясына  ұсынылғанын жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.