Қырғыз елімен жасалған келісім қаралады

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.

Депутаттарға 2006 жылғы 4 шілдеде жасалған Қырғыз Республикасының Ыс­тықкөл облысында орналасқан курорт­тық-рекреациялық шаруашылық объек­тілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқығын реттеу туралы келісімді, сондай-ақ 2009 жылғы 1 желтоқсанда жасалған Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және осы құжаттарға енгізілетін өзгерістер жөніндегі хаттамаларды қарау ұсынылады.

Тиісті шартқа сәйкес, қазақстандық тарап Қазақстанға тиесілі курорттық-рекреациялық шаруашылықтың төрт объектісі орналасқан жер учаскелерін 49 жыл мерзімге жалға алған. Келісімде атал­ған объектілерді үш немесе төрт жұлдызды қонақүйлер деңгейіне дейін жеткізу міндеттемелері қарастырылған. Үкімет қазақстандық тараптың мін­деттеме­лер­ді орындау мерзімін ұзартуды, сондай-ақ инвесторларды тарту мүмк­ін­дігін қа­рас­тыратын хаттамалардың жоба­сын мақұлдады.

Сонымен қатар жалпы отырыста депутаттар Құрылыс кодексіне, «Банктер және банк қызметі туралы» заңға, сондай-ақ цифрландыру, көлік, кәсіпкерлік, қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық салала­рын­дағы заңдарға Сенат енгізген түзетулерді талқылайды.