Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға баса мән беріп отыр. Аталған құжатта кооперацияны дамыту және 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 1 миллион ауыл тұрғынының тұрмысын жақсарту міндеті қойылған. Бұл бағыттағы негізгі тетік – «Ауыл аманаты» жобасы.
«Ауыл аманаты» – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдап, халықты жұмыспен қамтуға арналған кешенді жоба. Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 18 мың шағын несие берілген.
Қаржыландыру көлемі де жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы жобаға 96 млрд теңге игерілсе, 2024 жылы 20 млрд теңге бөлініп, оның 13,1 млрд теңгесі нақты іске жұмсалды. Ал 2025 жылы бұл мақсатқа 50 млрд теңге қарастырылған.
Қаражат өңірлерге теңдей бағытталды. Мәселен, Түркістан облысына – 7,4 млрд теңге, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарына – 5,5 млрд теңгеден, Жамбыл облысына – 5 млрд теңге, Ақтөбе облысына 4 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл экономикасын жандандыруға серпін берген маңызды қадам болды.
Алдағы үш жылда жобаға бөлінетін қаржы көлемі 450 млрд теңгеге жетпек. Оның ішінде, 2026 жылы – 100 млрд, 2027 жылы – 150 млрд, 2028 жылы 200 млрд теңге қарастырылып отыр.
Бағдарламаны жетілдіру мақсатында оның іске асу тетіктеріне де бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2023 жылы берілген шағын несиелердің 78 пайызы мал шаруашылығына тиесілі болған. Осыған байланысты несие мен лизинг ережелері қайта қаралып, бір салаға тиесілі қаржы үлесі 50 пайыздан аспауға тиіс деген шектеу енгізілді. Бұл егіншілік, өңдеу, қызмет көрсету сынды өзге салалардың дамуына жол ашты.
Сонымен қатар ауылдық елді мекендерге бірінші кезекте несие беру, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өнімді қайта өңдеу жобаларын басым қолдау тәртібі енгізілді. Бұл өзгерістер партия мен Үкіметтің бірлескен ауқымды талдау-сараптау жұмыстарының нәтижесінде қабылданды.
Бүгінге дейін экономикалық скрининг 2 295 ауылдық округті, 2,2 млн үй шаруашылығын және 8,2 млн-ға жуық адамды қамтыды. Нәтижесінде, тауарлық өнім өндіруге әлеуеті жоғары ауылдар анықталып, 600 млрд теңгеге жуық 12 мыңнан астам инвестициялық жобаның болжамы жасалды.
Зерттеу нәтижелері көптеген ауыл әкімдерінің өз аумағындағы экономикалық әлеуетті толық білмейтінін көрсетті. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы «Әкімдер мектебі» жобасын ұсынып, бастама Мемлекет басшысының қолдауына ие болды.
Жоба аясында 2025 жылдың ақпан-мамыр айларында 1 800 ауыл әкімі, ал қыркүйек-желтоқсан аралығында 500-ден астам жаңадан сайланған әкім оқытудан өтті. Олар экономикалық скрининг жүргізу, кооперация құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен өткізу жолдарын меңгерді. Әр әкім курс соңында өз ауылының даму бағдарламасын әзірлеп, қорғады.
«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттырып, тұрақты жұмыспен қамтудың тиімді құралына айналды.
Бағдарламаны жүзеге асырудың үш жылында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 18 мыңнан астам шағын несие бөлініп, бұл ауыл тұрғындарына жеке кәсібін жүргізуге, шаруа қожалығын кеңейтуге және отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жоба Президенттік сайлау бағдарламасының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі негізгі мақсатына қол жеткізуге тікелей ықпалын тигізеді. Әрі ауыл экономикасын әртараптандыруға және тар шеңберлі мамандандырудан аумақтардың дамудың кешенді түріне көшуіне жол ашады.
Скрининг нәтижелері бойынша ауылдық елді мекендерге бірінші кезектегі шағын несие беруді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өнімді қайта өңдеу жобаларын жеңілдетілген қолдауды қамтамасыз ететін шағын несиелеу тетігі жаңартылды.
Бұл ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары арасында қаражатты бөлуді теңестіруге мүмкіндік тудырды. Нәтижесінде, агроэкономика сыртқы тәуекелдерге төзімдірек және қосымша құн жасауға бағытталған.
«AMANAT» партиясының бастамасымен Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ауданның даму жоспары енгізіліп, нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге әкімдіктердің жауапкершілігі артты.
Сонымен қатар 2024 жылы партияның экономикалық скрининг, кооперация және басқарушы кадрларды әзірлеу бойынша ұсыныстарын қамтитын Өңірлерді дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды.
Үкімет жанындағы Өңірлерді дамыту жобалық кеңсесінің жұмысы аясында партияның тұжырымдамалық бастамалары Өңірлерді дамытудың тұжырымдамасына экономикалық скрининг, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және «Әкімдер мектебі» тұрғысынан енгізілді. Бұл аймақтардың жан-жақты экономикалық ілгерлеуіне және халық табысының нақты артуына ықпал етеді.
Қабылданған шаралар Мемлекет басшысының кооперацияға тарту және 350 мың жұмыс орнын құру есебінен 1 млн ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздеген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаттарының біріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Әкімдер мектебі» жобасы аясындағы оқыту барысында әкімдер өз округтерінің әлеуетін бағалау, кооперацияны дамыту және нақты кірісті экономикалық жобаларды іске қосуға, салық базасын арттыруға және жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін өңдеуді қолдаудың практикалық құралдарына ие болады.
Қорыта айтқанда, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, табыстарын арттыруға және жергілікті экономиканы әртараптандыруға нақты үлес қосуда. Жобаның тиімділігі әкімдердің біліктілігін арттыру және инвестициялық жобаларды іске қосу арқылы айқын көрініс табады. Елдің агроөнеркәсіптік секторын дамыту, кооперацияны кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы Президенттің сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ә.САМАТҰЛЫ