Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы
267
оқылды
Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мереке­сі­мен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атау­лы түгел жанданады. Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаң­­­­ғыру­дың, адам мен табиғат арасындағы үн­дес­тіктің, келі­сім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, дос­­тық қарым-қатынастар мен қонақжайлылық сал­ты дәріптеледі. Сондай-ақ тереңнен тамыр тар­татын құн­­дылықтарымыз, үлкенге құрмет, кі­шіге ізет көр­сету дәстүрі ерекше салтанат құрады. Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұрт­ты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл ме­­ре­ке хал­қымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұ­мыл­дырады. Біз әрдайым қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз. Өкінішке қарай, биыл Наурыз мейрамы әдет­тен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пан­демияға ай­нал­ған коронавирустың кеңінен таралуы жаһандық эко­номикамен қатар біздің елімізге де айтарлықтай зар­дабын тигізуде. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан өткеруде. Осыған орай, менің Жарлығыммен 2020 жыл­ғы 16 наурыздан бастап Қазақстан аумағында тө­тенше жағ­дай енгізілді. Мемлекеттік комиссия құрылып, аза­маттарымыздың денсаулығын қорғау және еліміздегі эко­номикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты ша­ралар қолға алынды. Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасында бұл қиын-қыс­тау кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп се­немін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және то­лайым та­быс тілеймін! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуа­ныш әкел­сін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!