«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды

Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар  тағы 182 қазақстандыққа ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Грант иегерлерінің толық тізімі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ресми сайтында жарияланған.