Павлодар облысындағы жол апатынан екі адам көз жұмды

Полиция қайғылы жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

«Павлодар-Омбы» тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан екеуінің де жүргізушілері опат болды.

Оқиға 27 желтоқсан күні «Павлодар-Омбы» автожолының Бобровка ауылы маңында болған. Toyota Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Hyundai Accent автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Өңірлік полиция департаментінен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, мерт болғандардың екеуі де әйел. Оның бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі Тереңкөл ауданындағы ауруханада көз жұмған.

Автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылған. Қайғылы жайттың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Тәртіп сақшылары көпшілікті жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.