Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы да екі адамның мәйіті табылды

Оқиғаның мән-жайы мен нақты жағдайлары бойынша ресми органдардан ақпарат күтілуде.

Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен тағы екі жігіттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қайғылы жаңалықты кәсіби альпинист Ершат Аязбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растады.

– Таудан жағымсыз хабар. Жас өмір күш-қуат пен мән іздейтін жерде қыршыннан қиылды. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мұндай ауыр қайғыны еңсеруге күш-қуат берсін. Тау әдемі, бірақ олар қателікті кешірмейді, – деп жазды ол.

 

Оқиғаның мән-жайы мен нақты жағдайлары бойынша ресми органдардан ақпарат күтілуде.