Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда «Oktagon чемпионы» атағын қорғайды

Оның қарсыласы – бұрын UFC-де өнер көрсеткен чех файтері Давид Дворак

Чехияның Прага қаласындағы O2 Arena (20 мың орын) алаңында Oktagon ұйымының чемпиондық жекпе-жегі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жеңіл салмақтағы белдіктің иегері Жалғас Жұмағұлов алғашқы титул қорғау жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – бұрын UFC-де өнер көрсеткен чех файтері Давид Дворак.

Жұмағұловтың (37 жас) рекорды – 18-9, UFC-де 1-6 болғаннан кейін Oktagon ұйымында қатарынан төрт жеңіске жетті. Дворактың (33 жас) рекорды – 22-6, UFC-дегі 3-3 нәтижесінен соң Oktagon-да екі жекпе-жек өткізді.