«THE VOICE ҚАЗАҚСТАН» жобасының жеңімпазы анықталды

Талантты аруға сенім артып, тәлімгерлік еткен — Байғали Серкебаев.

Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша финалға өткен 4 қатысушының арасынан қарағандылық Нұрай Мықты оза шауып, жобаның жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Нұрай байқау барысында көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жоғары дауыс жинап, кезең-кезеңімен алға озды. Талантты аруға сенім артып, тәлімгерлік еткен — Байғали Серкебаев.

«Хабар» телеарнасы мегажобаны үзбей тамашалап, үздік қатысушыны таңдауға белсенді атсалысқан барша көрерменге алғыс білдіреді!