Астанада қанша адам тұратыны белгілі болды

Жиында елордадағы әлеуметтік саланың жағдайы мен Мемлекет басшысының елордада өмір сүру сапасын арттыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы талқыланды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиында елордадағы әлеуметтік саланың жағдайы мен Мемлекет басшысының елордада өмір сүру сапасын арттыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы талқыланды.

Отырыс барысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халық санының тұрақты өсуі қала инфрақұрылымына жаңа міндеттер қойып, алдын ала жоспарлауды қажет ететінін жеткізді.

1 қарашадағы есеп бойынша, Астана халқының саны 1 622 245 адамға жеткен. Жыл басынан бері халық саны 93 542 адамға артқан, оның ішінде 17 265 адам табиғи өсім есебінен, ал 76 277 адам көші-қон арқылы тіркелген. Халық саны 6,12% өсіп, жыл сайынғы көші-қон ағыны шамамен 100 мың адамға жеткен. Бұл жағдай денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жүйелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай арттырып отыр.