Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз ме­ре­­кесімен құттықтаймын! Біз осы жарқын мейрамды әр­дайым асыға кү­­теміз. Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең. Биыл біз Наурызды бірінші рет ме­рекелік жиын­дар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз. Оның өзіндік себебі бар. Бүкіл дүниеге тараған вирус қау­пі­не тап бол­дық. Бірақ көктемнің келуі мен мере­ке­лік көңіл күй­ге бөленуге ештеңе ке­дергі бола алмайды. Біз біртұтас халықпыз және елі­міз­ді өркендету жо­лында жұмыла жұ­мыс істеуге дайынбыз. Еліміздің алдында тұрған барлық сы­нақтан ауыз­біршілік пен та­бан­дылықтың арқасында сүрін­бей өте­тінімізге сенімдімін. Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі ме­ре­кеміз барша­ның үмітін ақтап, жаңа бе­лестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңы­рақ шат­тық пен игілікке тол­сын. Баршаңызға ырыс-ынтымақ, ден­саулық пен бақ-береке тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!