«Себебі ән маған сай келмеді»: Ұлықпан Жолдасов өз шындығын айтты

Ұ. Жолдасов Димаш Құдайберген сияқты, яғни сол секілді дауысы мықтыларды ғана әнші деп санайтынын атап өтті.

Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan арнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасында қонақта болып өзін ерекше әнші деп санамайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұ. Жолдасов Димаш Құдайберген сияқты, яғни сол секілді дауысы мықтыларды ғана әнші деп санайтынын атап өтті.

«Мен – орындаушымын. Ал менің кішкентай ғана қоңыр дауысым бар. Қарапайым адамнан айырмашылығым, әнді таңдай аламын. Гитара қосылғандықтан халыққа жақсы өтті. Әйтпесе шетелге таныстыратындай мықты әнші емеспін. Кезінде «Тамашада» орындаған әнімді қайта қарап шығып, «жоқ, бұл менің әнім емес» деп, Ұлықпан Есенов ағамызға айтып, эфирден алдырып тастаған кездерім болды. Себебі ән маған сай келмеді», - деді өнер иесі.