Вашингтон Киевке ұсынатын қауіпсіздік пакеті жайлы жаңа дерек шықты - CNN

Дереккөздердің айтуынша, Трамп қауіпсіздік кепілдіктерін Конгресс арқылы бекітуге дайын, бұл оларды АҚШ үшін міндетті етеді

АҚШ-та Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдіктері берілетіні жөнінде алдын ала мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

CNN арнасы АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздерге сүйеніп. бүгін Флоридадағы кездесу барысында Зеленский мен Трамп аталған келісімнің соңғы нұсқасын талқылайды деп күтіледі деп жазады.

Ақпаратқа сәйкес, құжат жаңа агрессияның алдын алуға, қақтығысты реттеу тетіктерін құруға және болашақ бейбіт келісімнің негізіне айналуға бағытталған. Сондай-ақ Ресей келісімді бұзған жағдайда салдарлар нақты белгіленбек.

Дереккөздердің айтуынша, Трамп қауіпсіздік кепілдіктерін Конгресс арқылы бекітуге дайын, бұл оларды АҚШ үшін міндетті етеді. Сонымен бірге Украинаға ұсынылатын пакет «ең қуатты және сенімді» деп сипатталды.