«Бес есе көп»: Ғалымжан Кенжебектің Ресейдегі жалақысы белгілі болды

2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында Ғалымжан Кенжебек «Елимай» сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соқты

Қазақ футболшысы Ғалымжан Кенжебектің Ресейдің «Ахмат» клубындағы жалақысы туралы мәлімет пайда болды, деп жазады Aikyn.kz сайты AmanVIBE телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Журналист Эльдар Аманбаевтың айтуынша, Кенжебек командамен барлық шарттарды келісіп қойған, алайда келісімшарт әлі ресми түрде қол қойылған жоқ.

«Жылдың үздік жартылай қорғаушысы атанған ойыншы Станислав Черчесов жаттықтыратын командамен келісімге келді. Менің дерегім бойынша, ол Грозный клубында „Елімайдағы“ жалақысынан бес есе көп табыс алады. Трансферлерде кез келген өзгеріс болуы мүмкін, бірақ бұл келісім іс жүзінде аяқталуға жақын. Годиге (Кенжебектің лақап аты) Ресей Премьер-Ллигасында табыс тілейік», — дейді Аманбаев.

 

2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында Ғалымжан Кенжебек «Елимай» сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берген.