2026 жылы медицина қызметкерлерінің кейбір санаттарының жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Ведомство Мемлекет басшысының жақында берген тапсырмасын еске салды.
"2026 жылдан бастап инфекциялық қызмет мамандары мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысы қосымша өсіріледі, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылады", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, ІІМ-мен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленіп, соған сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылған.
"Сонымен қатар 2,1 мыңнан астам жедел жәрдем фельдшерін бейжетондармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға бейнебақылау жүйелерін жасанды интеллект талдауы бар форматта енгізу және 626 қабылдау бөлімшесіне дабыл батырмаларын орнату мәселелері қарастырылып жатыр", – деп түсіндірді министрлік.