Продюсер Баян Мақсатқызы Жаңа жыл қарсаңында отбасылық сурет жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Суретте жолдасы екеуі қыздарымен және ата-анасымен мерекелік шыршаның жанында тұрғанын көруге болады.
Продюсер көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Жаңа жыл құтты болсын! Жыл баршаңызға бақыт әкелсін. Өтіп бара жатқан жылға алғысым шексіз», – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушылары продюсердің отбасылық суретіне жылы лебізін білдіріп, тоқтаусыз пікір жазып жатыр.
Оқырмандар продюсердің кішкентай қыздары әкесіне ұқсайтынын айтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.