Актриса Айгүл Иманбаева биыл өмірінде түрлі кезеңді бастан өткергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса өтіп бара жатқан жыл өзіне есеп беретін және сынаққа толы жыл болғанын атап өтті.
«2025 жылды көпшілік маска шешілетін, тазару жылы деп жатыр. Мен де соған келісемін. Өйткені өз басымнан иттіктің, сатқындықтың неше түрін өткізіп жатырмын. Осы жылдың біткенін күн санап күтіп отырмын. 2026 жылға аман-есен жетсек екен деймін. Достан да, шәкірттен де сатқындық көрдім. Тіпті 25–35 жыл бірге жүрген достарымнан да. Сондықтан мұның бәрі осы жылмен бірге кетсін деп тілеймін. Әрине, өз-өзіме есеп беріп, қай жерде қателік жібергенімді ойландым. Мен өмірімде ешкімнің ала жібін аттамаған адаммын. Тілімнен, ниетімнен, ойымнан қателік кетті ме деп талдадым. Бұл жыл мен үшін нағыз сынақ жылы болды. Енді жаңа жыл жақсылығымен келсе екен деймін. Мүмкін, бұл үлкен бір белесті өткеру үшін Алла тағаланың жіберген сынағы шығар. Сондықтан мойымай, қабылдау керек. Егер сіз үшін де бұл жыл тазару немесе беташар жылы болса, оған да қуанған дұрыс. Жаңа жыл құтты болсын!» — деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.